Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Хабар-ошарсыз кеткен ресейлік психикалық денсаулық орталығынан табылды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында хабар-ошарсыз жоғалған ресейлік психикалық денсаулық орталығынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабар-ошарсыз кеткен ресейлік психикалық денсаулық орталығынан табылды

– 28 қаңтарда Павлодар қаласының полицейлеріне қонақ үйлердің бірінің әкімшісі жүгініп, аталған қонақ үй тұрғынының 26 қаңтарда бөлмесінен шығып, жоғалып кеткенін хабарлады. Аталған факт бойынша бағдарлар дереу барлық аумақтық бөлімшелерге жіберілді. Жоғалған адам қоңырауларға жауап бермегендіктен, жедел уәкілдер іздеу шараларының барлық кешенін өткізді. Полицейлер ер адамның 2020 жылдың 18 желтоқсанында  қайтыс болған анасының пәтерін сату мақсатында Ресей Федерациясының Тула облысынан Павлодар қаласына келгенін анықтады. Желтоқсан айының соңында пәтерді сатқан ер адам пәтер сатқан ақшасын банкке салған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Әрі қарай өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясы азаматының облыстық психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап жатқанын анықтады.