Старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, ЖОО-лардағы студенттердің жалпы саны 576 557-ні құрайды. Олардың ішінде қыздардың саны – 306 799 немесе 53,2%. Биылғы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4,6% төмендеген.
Барлығы оқуға 152 789 адам қабылданды. 115 186 адам түрлі себеппен оқыту мерзімі аяқталғанға дейін ЖОО-дан шығарылған, бітіргендер саны – 153 627. Студенттердің жалпы санынан 83% күндізгі бөлімде оқиды, 7,6% – қашықтан, 7,3% – сырттай және 2% – кешкі.
Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 196 084 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 34% құрайды, ақылы негізде – 380 473 адам немесе 66% оқиды.
Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі – 64,9%, орыс тілінде – 29,6% және ағылшын тілінде 5,5% құрады. Бітірген білікті мамандар 153 627 адамды құрады, бұл 2019/2020 оқу жылымен салыстырғанда 8% (142435 адам) артты. Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 36 307 адамды құрайды, соның ішінде қоса атқарушылықпен 6137 оқытушы жұмыс істейді.
Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,1% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, ғылым кандидаты – 31,7%, профессор атағы – 6,3% және доцент – 14,7%. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 13067 адам немесе 36%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 3079 адам немесе 8,5%.