Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Қызылжарлық оқушы сенсорлы қоқыс жәшігін ойлап тапты

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжардағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Нұрышев сенсорлы қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылжарлық оқушы сенсорлы қоқыс жәшігін ойлап тапты

Оның қасиеті сол – адам қоқыс тастамақ болып жақындап келсе қақпағы өздігінен ашылып, «қоқысты қабылдайды». Осы смарт-урна қазір барлық жергілікті БАҚ аузында, жуырда ол солтүстікқазақстандық өнертапқыштар конкурсында бірінші орын алды.

Осы затты ойлап табуға бар болғаны екі апта уақыт қана жұмсалған. Алдымен кескіндеме жобасы жасалып, сосын барлық детальдары жинақталған. Осыдан кейін жұмыс істейтін бағдарламасы әзірленген. Ақыры қақпағын адам жақындағанда ашатын жәшік дайын болған. Осындай шағын дүниеден бәрі басталатыны белгілі. Енді Арман Нұрышев бұдан да зор, бұдан да күрделі құрылғылар ойлап табуды мақсат етіп отыр. Алдымен ол осы жәшікті жетілдіруді ойлаған екен. «Онда қоқыс толса жәшік өздігінен безілдеп қоя береді немесе дабыл беретін болады», дейді ол.

Келесі оқу жылында ол өзінің басқа да жоспарларын іске асыруды қолға алмақшы.

ҚЫЗЫЛЖАР