Қазақстан • 02 Ақпан, 2021

Мемлекеттік аппараттың қосалқы қызметтері орталықтандырылады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мемлекеттік аппараттың қосалқы қызметтерін орталықтандыру және оңтайландыру жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекеттік аппараттың қосалқы қызметтері орталықтандырылады

«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында биыл мемлекеттік аппараттың қосалқы қызметтерін орталықтандыру және оңтайландыру жүргізілетін болады. Бұл кадрлар, қаржы және әкімшілік-шаруашылық, сондай-ақ ІТ-қамтамасыз ету салаларын қамтиды. Осыған байланысты нақты мерзімдерін көрсете отырып, қосалқы қызметтерді орталықтандыру және оңтайландыру жөніндегі шараларды іске асырудың жол картасы әзірленеді»,  деді министр.

Оның айтуынша, осы айдың соңына дейін мемлекеттік және жекеменшік операторларды құруға мораторий енгізу туралы Президент Жарлығының жобасы әзірленеді.