Сарыағаш АПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне «Линда» атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні, Қазақстан азаматын тінту кезінде бұтына киген шалбарының арасында екі дана мүшеқапқа оралған есірткі затына ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды.
Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 2 грамнан асатын «Апиын» болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының тұрғыны қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайды анықтайды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Егер сізде есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, тез арада полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.