Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Мемлекеттік қызмет саласындағы шағымдар 35%-ға азайған

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде 2020 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекеттік қызмет саласындағы шағымдар 35%-ға азайған

2019 жылмен салыстырғанда келіп түскен өтініштер санының 35%-ға төмендегені байқалады. 2020 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша азаматтардан 146 өтініш келіп түсті, олардың ішінде құзыреттілік шеңберінде 61 өтініш қаралды.

Азаматтар Департаментке мемлекеттік қызмет туралы заңнама және мемлекеттік қызметке түсу, оны өткеру және тоқтатуға байланысты шектеулер туралы түсініктеме алу үшін жиі жүгінеді. Сондай-ақ азаматтар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер конкурс қорытындыларымен, тәртіптік жазалармен, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауымен келіспеу фактілері бойынша өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін өтініш жасайды.

2020 жылы тексеру нәтижелері бойынша 400-ден астам бұзушылық анықталды, азаматтардың қалпына келтірілген құқықтарының үлесі 75%-ды құрады.

Тәртіптік жаза қолдану туралы 16 шешімнің, бос лауазымға орналасуға конкурс комиссиясының және жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның шешімдерінің күші жойылды. 4 тәртіптік іс қозғалды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ақмола облысында әдеп жөніндегі кеңес отырыстарының 80%-ы онлайн режімде өткізілді.

Жалпы, 2020 жылы Кеңестің 10 отырысы өткізіліп, онда 72 мәселе қаралды. Сұрақтардың 75%-ы профилактикалық сипатқа ие. Бұл әкімдердің, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, тәртіптік комиссиялар төрағаларының әдеп бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысының қорытындылары туралы есептері.

Әдеп жөніндегі кеңес сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қатысты 18 дербес тәртіптік істі қарады: Әдеп кодексін бұзғаны үшін - 4, Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін - 14.

Сонымен қатар соңғы 5 жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 35% - ға азайды. Егер 2020 жылы олардың саны 779 болса, 2019 жылы – 805, 2018 жылы – 892, 2017 жылы – 986, 2016 жылы – 1200.