Дүйсенбіде өткен отырыстан соң UWW бюросы күрес түрлерінен 2021 жылғы әлем біріншілігі Башқұртстанның (Ресей) Уфа қаласында өтеді деп шешті. Турнир 16-22 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.
UWW мүшелері 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында Уфа қаласының кандидатурасын қолдаған болатын. Турнирді өткізуге София және Белград қалалары да өтінім берді. Жасөспірімдер арасындағы дода Ресейде алғаш рет өткелі тұр.