Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Шымкентте 26 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар қолға алынбақ. 2021 жылы 26 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 26 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

2020 жылы 19 нысанның (17 елдімекен) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық тұрғын (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші  94,7%-дан - 95,6%-ға өсті.Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.

2021 жылы 26 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2020 жылы 19 нысанның (17 елдімекен) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық тұрғын (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші  94,7%-дан - 95,6%-ға өсті.

Қазіргі таңда қалада 81 елдімекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 5 елдімекен кесте бойынша (Сайрам, Құрсай, Қайнарбұлақ, Сәуле, Жаңаталап), 7 елдімекен  тасымалды ауыз суды пайдалануда (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас, Асар-2).

Биыл 9 елдімекенде құрылыс жұмыстары (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңа Тұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап, Сәуле) жүргізіледі. Аталған елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Жыл қорытындысы бойынша қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан - 98%-ға өседі.

Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Жалпы 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік бөлігінің ауыз су сапасын жақсарту мақсатында «Сайрам су» жаңа ауыз су көзінің және 22 шақырым магистралдық суаққының құрылысын жүргізу жоспарда.  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі