3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауатыны хабарланды. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
СҚО-да 3-4 ақпанда жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар, өңірде тұман, көктайғақ, бұрқасын, секундына 23-28 метрге дейін жел болжанды.
Қарағанды облысында 3-і қатты жел мен көктайғақ болады.
Қостанай және Ақмола облыстарында бұл күні тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
3 ақпанда тау баурайында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тік қарлы беткейлерге шығуға кеңес берілмеді.
Ал Түркістан облысында 3-5 ақпанда тұман сақталады, Жамбыл облысында ол 3 ақпанда күтіледі.
БҚО мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.