Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Ақтөбеде 91 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе  облысына  «Спутник V» вакцинасынан​ мың доза әкелініп, бірінші күні  91 тұрғын екпе алды деп хабарлайды Еgemen.kz.

Ақтөбеде 91 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпаннан басталды. Қазір Ақтөбе қаласындағы № 2, 3, 4 емханаларда, Отбасылық медициналық орталықта, облыстық кеңес беру-диагностикалық мекемесінде, «Медикус орталығында» қауіп-қатер тобына кіретін  мекемелердің еңбеккерлері екпе алды.  Бұл жұмысқа 189 медицина қызметкері тартылған. Вакцинациялау  Ақтөбе қаласынан кейін  біртіндеп аудан орталықтарында жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы коронавирус инфекциясының таралу аймағы бойынша «жасыл дәлізде» тұрғанымен, жағдайдың әп-сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Бүгін өңірде үш коронавирус жағдайы тіркелген. Осы уақытқа дейін  індетке шалдыққан науқастардың 95,8%-ы жазылып шықса,  төсек-орын жүктемесі 18,8%-ды құрайды. Карантин орталықтары мен зертханалар да жұмыстарын жалғастырып жатыр. Індеттің екінші толқыны күшейер болса, екі айға жететін қор жасақталған.

Егер эпидемиологиялық жағдай ушығар болса, арнайы стационарлардағы   төсек орын саны 445-тен 3603-ке дейін өспекші. Алдын ала дайындалған провизорлық орталықтардың  57,1%-ы оттегімен қамтылған, 21 стационарлық рентген аппараты орнатылды, 382 өкпені жасанды желдететін аппарат, 450 оттегі концентраты, 626 оттегі баллоны, 787 Бобров аппараты мен 424 оттегі жастықтары жеткізілді. Сондай-ақ желтоқсан айында жаңадан  41 жедел жәрдем көліктері,  6 мобильді диагностикалық кешен сатып алынған болатын.