Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Алматының орталығында заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы орталығындағы бірненеше коммерциялық нысан бұзылды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматының  орталығында заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді

Сот шешімімен Қарасай батыр мен Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан көлік жуу орны мен бірқатар коммерциялық нысан сүрілді.

«Тексеру кезінде нысан заңсыз салынғаны анықталды. Біз бірден сотқа талап-арыз бердік. Алматы қалалық сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды»,  деп хабарлады басқармадан.

Басқарма мәліметінше, нысанды пайдалануға қабылдау актісін сот жарамсыз деп танып, оның Алматы қалалық Әділет департаментіндегі тіркеуінің күшін жойған. Қаңтар айында сот орындаушыларымен бірге нысанды бұзу басталып, бүгінде жұмыс толығымен аяқталды.