Қарағанды облысында тұрғындарға карантин талаптары орындалмаған жағдайда, оған бей-жай қарамай, жауапкершілік танытып, құзырлы органға хабарласу керектігі туралы айтлылды.
«Қоғамдық мекеме қызметкерлері мен онда келушілердің маска режимін, қашықтықты сақтамауы, адамдар санының шектен тыс көп болуы, тыйым салынған қызмет түрлерінің жұмыс істеуі (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян, балалар ойын алаңдары мен аттракциондары жабық үй-жайларда, банкет залдарында), мекемелердің сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуі сияқты заңбұзушылықтардың куәсі болған жағдайда Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлауды сұраймыз», делінген облыстық жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы облыс тұрғындарына жолдаған Үндеуінде.
Call-орталыққа 109 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.