Тағайындау • 02 Ақпан, 2021

ҚР ИИДМ Өнеркәсіп саясаты департаментінің жаңа директоры тағайындалды

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Лаура Садықова ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР ИИДМ Өнеркәсіп саясаты департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды.

Лаура Үмітбекқзы Садықова Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі: АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдаман өткен, «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты, Қарағандыдағы «Болашақ» өзекті білім беру университетінде, К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген.

1996-2001 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер болды. 2001-2002 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым департаменті Ғылыми-техникалық бағдарламалар және ақпараттық инфрақұрылым басқармасының бас маманы қызметін атқарды. 2002-2008 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК дамыту стратегиясы, ғылым департаменттерінің бас сарапшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы болды.

2008-2009 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібі және ДСҰ департаменті директорының орынбасары болды. 2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2011-2014 жылдары С. Сейфуллин атынағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Ғылым және инвестициялар жөніндегі проректоры болды.

2015-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің инновациялық даму департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары болды. 2020-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жобалық басқару департаменті директорының орынбасары, директоры болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген Отбасылы, төрт баласы бар.