БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 ақпан күні Бөрлі ауданы Ақсу ауылында болды. Сағат 09.05-те екі пәтерлік үйде өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтердің біреуі отқа оранғаны анықталды. Жалын екінші пәтердің де шатырын шарпыған. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. «Тілсіз жау» сағат 10.37-де толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Өңірде жыл басынан бері 32 өрт болып, соның салдарынан 2 адам жарақат алды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке тұрғын үйдің өртенгенін, газдан уланған 58 жастағы ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.