Әлем • 03 Ақпан, 2021

Түркия басшысы алғашқы пилотсыз электробусты сынақтан өткізді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Аnadolu агентігінің хабарлауынша, ел президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні алғашқы отандық пилотсыз электр автобусын сынақтан өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркия басшысы алғашқы пилотсыз электробусты сынақтан өткізді

Жергілікті Karsan компаниясының пилотсыз электробусы президент әкімшілігі кешенінің аумағында таныстырылды. Қозғалыс барысында мүлдем дерлік дыбысы болмайтын автобустың ұзындығы − 8 метр.

Осыған орай Түркия басшысы жыл соңына дейін ұзындығы 24 метрлік пилотсыз электр автобусын құрастыру жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

«Түркия электробустар нарығында лайықты орын алатынына сенімдімін. Жақында автобустардың сериялық өндірісі жолға қойылады», деді Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған.