Асхат Оралов Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстары жастар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі жас отбасыларды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламаларына және NEET санатындағы жастардың үлесін азайту үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған шараларға қатысты болды. Бұдан бөлек, жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру, волонтерлікті дамыту, экологиялық жобалар және жас ғалымдарды қолдау мәселелері де көтерілді.
А.Оралов жастар мен қоғам өкілдерінен уақтылы кері байланыс алуға мүмкіндік беретін осындай онлайн кездесулерді үнемі өткізу маңызды екендігін атап өтті.