Экономика • 03 Ақпан, 2021

Доллар арзандады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Доллар арзандады

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 2 ақпан кешімен салыстырғанда 0,16 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 423,56 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 3 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,25 теңге, сатып алу – 424,77 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,81теңгеден болса, ал сатып алу – 423, 91 теңгені құрайды.