Экономика • 03 Ақпан, 2021

БҚО: Жарты млрд теңге жымқырылған

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 540 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

БҚО: Жарты млрд теңге жымқырылған

Агенттіктен мәлім еткендей, бұл қаражат «БҚО-ның Орал қаласындағы тұрғын аймағының ЕЖЖ электр энергиясымен қамтамасыз ету» нысанын салуға арналған. «Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кетсек, өткен жылы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 309 қылмыстық іс қозғады», деді ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.