Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Қызылордада зейнетақы қорындағы қаржыны 29 мыңнан астам адам ала алады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде республика бойынша салымшылардың зейнетақы қорындағы қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін алу үшін «Отбасы банкінен» 107 774 арнайы шот ашылған. 50 мыңға жуық азаматтың өтінімі мақұлданды. Ал облыста зейнетақы қорындағы қаржыны 29 мыңнан астам адам алуға құқылы.

Қызылордада зейнетақы қорындағы қаржыны 29 мыңнан астам адам ала алады

Зейнетақы қорынан біржолғы қаржы алуға өтінім беру үстіміздегі жылдың 23-қаңтарында басталды. Өтініштерді enpf-otbasy.kz сайтында қабылдау жалғасуда. Өтінім 5 жұмыс күннің ішінде қаралады.

- Қордан ақша алуға өтінім беру үшін белгілі бір шектік уақыт жоқ. Қаржыны алу бір жылмен шектеліп қалмайды. Мемлекеттік бағдарлама жалғасын табады, - деді «Отбасы банк» тұрғын құрылыс үй жинақ банкі» АҚ облыс бойынша филиал директоры Әділжан Сәулебаев.

Брифингте сала мамандары жинақтан алған қаражатты жер учаскесін сатып алуға, үй салуға және бастапқы жарнаны төлеуге пайдалануға болатынын айтты. Тек бір шектеу бар. Ол қордан алынған қаржыға сатып алынған үйді 5 жыл ішінде қайтадан сатуға болмайды.
         

- Бір апта ішінде зейнетақы қорына Отбасы банкінен 52 133 өтінім қабылданды. Сондай-ақ, «Қазақстан Халық банк» операторынан жалпы сомасы 587,7 млн. теңге құрайтын 132 өтінім келді. Қысқа уақыт ішінде қор тарапынан кері қайтарылған өтінімдер де болды, - деді «БЖЗҚ» АҚ облыс бойынша филиал директорының орынбасары Алмас Сәрсембаев.