Қоғам • 03 Ақпан, 2021

Ер адам жерлеуден 20 күн өткен соң тірі болып шықты

958 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияның Санта-Мария-да-Фейра қаласының егде жастағы тұрғыны жерлеуден 20 күн өткен соң тірі болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Euro Weekly News порталына сілтеме жасап.

Ер адам жерлеуден 20 күн өткен соң тірі болып шықты

92 жастағы ер адам респираторлық аурумен екі ай көлемінде ауруханада жатты. Осы уақыт ішінде азамат коронавирустық инфекцияны жұқтырған.

10 қаңтарда аурухана қызметкерлері науқастың отбасына оның қайтыс болғанын хабарлайды. Жерлеу рәсімі екі күннен кейін өтті. Пандемиялық шектеулерге байланысты отбасы аза тұту рәсімі кезінде тұрыпты көре алмаған.

20 күн өткен соң аурухана өкілдері ер адамның отбасына қателескенін және олардың туысы тірі екенін айтты. Отбасы бұл жаңалыққа таң қалып, болған жағдайға түсіністікпен қараған. Дегенмен, ер адамның туыстары болашақта мұндай қателіктер қайталанбайды деп үміттенеді.

Медициналық мекеме қызметкерлері іс жүзінде қайтыс болған адамның туыстарымен байланысып, оларға болған жағдайдан хабардар етті.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ