Жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл ретте толтырылу бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.
«Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жексенбі күндері жұмыс істеуіне болмайды. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сауда залында сатып алушылардың болуына тыйым салынады», делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.
Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.