20 Желтоқсан, 2013

Сочидегі олимпиялық нысандар түрлі ойынханаларға айналуы ықтимал

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 12 - KazinoСочидегі олимпиялық нысандар жарыстан кейн ойынханаларға айналуы ықтимал. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

Сочидегі Олимпия ойындары аяқталған соң, жарысқа арналған құрылыс нысандары ойынханаларға айналуы мүмкін. Ресейдегі банк қауымдастығының өкілдері премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездесу барысында осы жолмен олимпиялық нысандардың құрылысына атсалысқан инвесторларды қолдауға ұсыныс білдірді.   

«КоммерсантЪ» газетінің ақпары бойынша, премьер-министр арнайы комиссияға банк қауымдастығы ұсынған мәселені қарастыруға тапсырма берді. Алайда, үкімет басшысының баспасөз хатшысы кездесу нәтижесі бойынша ойын алаңдарын құру жөнінде ешқандай тапсырма берілмегенін алға тартты.

2009 жылы Анапаның солтүстігінде «Азов-Сити» атты заңды ойын аймағы ашылған болатын. Бұл өңірде одан басқа тағы үш ойын аймағы бар. Кезінде Ресей өнеркәсіп қожалары мен кәсіпкерлер одағының басшысы Александр Шохин бұлардың бәрін Анападан Сочиге ауыстыру жөнінде ұсыныс білдірген болатын. Алайда, губернатор Александр Ткачев бұл ұсынысты қабылдамады.     

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Фото: Asartplay.com

Соңғы жаңалықтар