Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Пандемия кезіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру тиімді жолға қойылды

575 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен оқытушы арасындағы  байланыс ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.   Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген.

Пандемия кезіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру тиімді жолға қойылды

Биылғы оқу жылы әлемде болып жатқан пандемияға байланысты барлығы дерлік оқу орындары  онлайн режиміндегі жұмысқа көшкен болатын.  Есенов университеті  2019-2020 оқу жылында оқу процессін онлайн жүйеде бастаған болатын. «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы оқу үдерісі google meet платформасында білім алуға мүмкіндік алды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің баяндамаларында жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін құру аясында қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі екендігі айтылып өткен. Осы бағытта оқытушылардың арнайы дәріс беретін пәндері бойынша видеосабақтар дайындалып білім алушы мен оқытушы арасындағы кері байланыстың болуына мүмкіндік алынды.

Сондай-ақ әлемдегі ең үлкен онлайн-білім беру платформасы болып табылатын Coursera компаниясы осындай пандемия уақытында әлемнің университеттеріне көмектесуге арналған жаңа қызмет Coursera for Campus жобасын іске қосты. Есенов университеті осы жобаның қатысушысы. Қашықтықтан оқыту барысында университет оқытушылары Coursera for Campus жобасындағы өз пәндерімен байланысты көптеген онлайн курстарды семинар және зертханалық сабақтарда қолданды.

-Есенов университетінде ағымдағы оқу жылында студенттерге сабақ беру процессі «Канвас» платформасы арқылы жүзеге асырыла бастады. Оқу жылының  2 оқу  семестрі кезеңінде, халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты, 1 курс студенттері аралас формада: дәріс сабақтары онлайн жүйеде, тәжірибе сабақтары, зертханалық жұмыстар оффлайн жүйеде ұйымдастырылды. Қалған курстар сабақтары онлайн режимінде жалғастырылуда. Университетте оқытуда барлық талапқа сай санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып білім алуға мүмкіндік берілді. Басты талап адам денсаулығы болғандықтан, оқу аудиторияларында, дәліздерде міндетті түрде санитарлық нормаларға сәйкес ара қашықтықты сақтау, бет перде кию, антисептик қолдану, үш адамнан артық топтаспау шаралары қолға алынып, бұл шараларды қатаң  сақтау студенттер мен оқытушыларға, университеттің барлық қызметкерлеріне  міндеттелді, дейді бизнес және құқық факультетінің деканы  Г. Джолдасбаева.

 

 

Маңғыстау облысы