2020 - 2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 64 жағдайы тіркелген. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізген.
Тексерулер нәтижесінде, КВИ анықталған 64 оқушының 18-і оффлайн режимде, 46 оқушы қашықтықтан (онлайн) оқығаны анықталды.
Департамент тарапынан COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде індет анықталған мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізілген. Оқу жылы басталғалы 17 мектепте 14 күндік карантин жарияланған.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының 9 мектебінде карантин жарияланған, олар - №18, №6, №66, №104, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Байтерек» мектебі, №1, №22 және №35 мектептер.
Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 ақпан аралығында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 39 жағдай тіркелген.
Бюджет қаражатын үнемдейтін сервис
Бюджет • Бүгін, 09:45
Ауыл • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:35
Спорттың алуан түрлі пайдасы бар
Сараптама • Бүгін, 09:30
Шаруасы ширап, өндірісі өркендеген өңір
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Басқа басылымдардан: Cтратегиялық байланысты қуаттады
Басылым • Бүгін, 09:20