Әлем • 03 Ақпан, 2021

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі «CITIC Group» төрағасымен кездесу өткізді

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Ғабит Қойшыбаев «CITIC Group» корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Чжу Хэсинмен кездесу өткізді.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі «CITIC Group» төрағасымен кездесу өткізді

Кездесу барысында қаржы, инвестиция, ауылшаруашылық салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ «CITIC Group» корпорациясымен Қазақстан мен Қытай арасындағы түрлі сауда-экономикалық тетіктердің шеңберінде ықпалдастықты жандандыру бойынша қадамдар қозғалды.

Ғ.Қойшыбаев «CITIC Group», «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және басқа да серіктестермен бірлесіп іске қосылатын жалпы капитализациясы 500 млн. АҚШ долл. тең «Eurasian Nurly Investment Fund» тікелей инвестициялар қорының маңыздығын атап өтті. Бірлескен қор екі елдің арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың одан әрі жандануына серпін бере отырып, Қазақстандағы маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәні бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ҚР дипломатиялық өкілдіктің басшысы Казақстан-Қытай іскерлік кеңес қызметін одан әрі жетілдіру мәселесіне тоқталды. Атап айтқанда, ол осы құрылымның тұрақты түрде қызмет атқаратын онлайн-платформасын құруды ұсынды.

Бұған қоса, тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғары технологиялық жобаларды Қазақстан аумағында іске қосуға, қазақстандық ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдерін ҚХР және басқа да елдер нарығына экспорттауға қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

«CITIC Group» корпорациясы 1979 ж. реформалар және ашылу идеологы Дэн Сяопиннің қолдауымен және бастамасымен құрылған. Корпорация Гонконг АӘА, АҚШ, Канада, Австралия және басқа да елдерде орналасқан 40 астам түрлі компанияларды қамтиды. 2020 ж. қорытындысы бойынша «CITIC Group» халықаралық «Fortune Global 500» рейтингіде 126 орынды иеленді.