Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VІІ шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында елдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың маңызды мәселе екеніне баса назар аударды.

«Біз басқарылатын урбанизацияны ескеріп, даму ошақтарын жүйелі ілгерілетуге күш саламыз. Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі. Жаңа стандарттарға сәйкес 3 500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда көршілес елдермен шекарадағы ауылдардың әлеуметтік жағдайы толық шешімін тапты ма? Шекара шебінде отырған ауылдарда қордаланған қандай мәселе бар? Міне, осындай сауалдарды ортаға тастауымыздың мынадай себебі бар. Өйткені шекара – тәуелсіз елдің қақпасы. Демек, көрші елдермен шекарада отырған ауылдардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы талапқа сай болуы керек. Бірақ өзге өңірлерді қайдам, Атырау облысының Ресейдегі Астрахань өңірімен шектесетін белдеуіндегі ауылдар туралы олай дей алмаймыз. Мәселен, Құрманғазы ауданының шекараға таяу орналасқан ауылдарында тұрғындарды толғандырған мәселелердің түйіні әлі толық тарқатылған жоқ. Азғыр ауылдық округінің орталығы – Балқұдық ауылының тұрғыны Мансұр Қуанышәлиевтің айтуынша, бірнеше мәселе шешімін таппай отыр.
– Бізді қинайтын басты мәселе – жол. Аудан орталығына қатынайтын жолдың жайын еліміз тәуелсіздік алғалы бері қозғап келеміз, – дейді ол. – Соңғы 30 жылда облысты басқарған әкімдердің бәріне құлаққағыс еттік. Тұрғындармен кездесуге келген Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарына да айттық. Бірақ жолға күрделі жөндеу жасалған жоқ.
Құрманғазы аудандық мәслихатына бірнеше рет депутат болып сайланған қоғам белсендісі Мансұр Қуанышәлиев қозғаған мәселе «7 разъезд-Асан-Сүйіндік-Балқұдық» автомобиль жолына қатысты болып отыр. Бұл – Сүйіндік, Балқұдық, Жалғызапан, Азғыр, Егінқұдық, Батырбек, Қоңыртерек, Үштаған, Асан елді мекендерінің тұрғындарын аудан орталығына жеткізетін бірден-бір күретамыр. Алайда олар бұл жолмен жүрудің азабын тартып келеді. Әсіресе аталған ауылдардағы келіндердің жүрегі әбден шайлыққан. Сол себептен, олар айы-күні жақындағанда, аудан орталығына емес, шекараның арғы бетіндегі Ресейдің Қарабайлы қаласына барып, сондағы перзентханада босануға мәжбүр.
– Біздің округтің келіндері Қарабайлы қаласына барып, босанғанды жөн көреді. Оның себебі – біреу. Аудан орталығы – Құрманғазы ауылына дейінгі аралық 260 шақырымды құрайды. Ал Қарабайлы қаласына дейін 56 шақырым. Сонда қайсысы жақын? Әрине, Құрманғазыдан гөрі Қарабайлыға барғанды қолайлы көреді. Өзімнің әйелім де 2014 жылы Қарабайлыға барып, босанып келді. Сол кезде босанғаны үшін 10 мың рубль төледік, – дейді Азғыр ауылдық округінің әкімі Жасұлан Жаманқұлов.
Рас, бұрын бұл округте 25 орындық аурухана болған. Бірақ Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес оңтайландырудың желеуімен жабылыпты. Себеп – елді мекендегі тұрғындар санының 5000 адамға жетпеуі. Қазір 10 орынға арналған бөлімше бар. Оның бесеуі – ересектерге, бесеуі балаларға арналған. Бөлімшенің аға дәрігері Сара Мұханәлиеваның мәліметінше, аталған округтен 2018 жылы сегіз, 2019 жылы жеті жас ана Қарабайлы қаласында босаныпты. Ал былтырғы 15 наурызға дейін екі баланың кіндігі Ресейде кесілді.
– Округте бала босану жасындағы 300-ден астам ана бар. Жүкті аналарды есепке алып, оларды жеті айлығында аудандық орталық емханаға жібереміз. Жүкті аналардың арасында Қарабайлыда босанатындар барын жоққа шығармаймыз. Көрші елдің дәрігерлері қазақтың келіндеріне кесарь тілігімен босануды ұсынады. Жас аналарға обал ғой. Кейін бала көтеруі қиындай түседі, – дейді Сара Мұханәлиева.
Ресейдегі перзентханаға жету де оңай емес. Өйткені екі ел шекарасындағы «Балқұдық-Қарабайлы» жеңілдетілген өткізу бекетінен өткізудің өзіндік тәртібі бар. Шекарадан қызметтік көліктің өтуіне рұқсат жоқ. Тұрғындар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін тек жеке иеліктегі көлігімен өте алады. Алайда былтырғы 15 наурыздан бері карантинге байланысты шекарадан өтуге тыйым салыныпты.
– Қарабайлы қаласындағы перзентханада дүниеге келген қазақ балаларына бұрын қызыл түсті анықтама берілетін еді. Қазір оны Ресей Федерациясының туу туралы куәлігімен алмастырды. Куәлікте «Туған жері – Ресей Федерациясы» деген жазу бар, – дейді Мансұр Қуанышәлиев. – Әрине, қайда барып босанамын десе де әркімнің өз еркінде ғой. Десек те, Қарабайлыда босанған аналар ақша төлейді. Неге біз аналарды көрші елдің дәрігерлеріне кіріптар етеміз? Біздің тәуелсіз еліміз бар. Отандық медицинамыз еңсе тіктеді. Бірақ шекарадағы ауылдарда аналар босанатын перзентханасы бар учаскелік аурухананы жауып тастадық. Ал аналар аудан орталығына жолдың нашарлығынан жете алмайды. Санавиация шақыру үшін көрші елдің әуе күштері қорғанысынан рұқсат алу керек. Бұл неткен мәжбүрлік?
Енді шекарадағы ауылдарда тұратын аналар карантинге байланысты шекара жабылғаннан бері аудан орталығына, тіпті Атырау қаласына келіп босануға мәжбүр. Аудан орталығына дейін көлікпен 7-8 сағат жол жүру керек. Ал жолдың жайын жүрген біледі. Толғағы қысқан аналар құрсағында тоғыз ай тербелген баланы өмірге әкелуі үшін жол азабына амалсыз көндігеді. Сол себептен, қоғам белсендісі Мансұр Қуанышәлиев үш округке ортақ бір учаскелік аурухана ашудың қажеттігін алға тартады.
– Аудан орталығынан шалғайдағы Асан, Азғыр, Сүйіндік округтерінде 7 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Азғыр ауылына таяу жерде кезінде 17 рет жерасты сынағы жасалған «Азғыр» әскери полигонының зардабын тартып отырғандар әлі де бар. Түрлі сырқаты бар тұрғындарға, жүкті аналарға аудан орталығына жету әсте оңай емес. Сондықтан үш округке ортақ бір учаскелік аурухана ашылғанын қалаймыз. Онда перзентхана да болғаны жөн. Бірақ үш округтің тұрғындары көрген қиындықты түсінетін жан бар ма? – дейді ол.
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бар. Жақында Парламенттің алғашқы отырысында жаңа стандартқа сай 3500-ден астам ауылдың жаңғыртылатынына тоқталды. Осыған орай шекарадағы ауылдардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартудың кешенді бағдарламасын жасақтау қажет секілді. Өйткені тәуелсіз елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бір барометрі шекарадағы ауылдарды мекен еткен тұрғындардың тұрмысынан, ондағы білім беру, медицина саласының жай-күйінен, инфрақұрылымдарынан анық байқалып тұрады. Ал Атыраудың Ресейдегі шекарадағы ауылдары мұндай талапқа сай емес. Демек, тақтайдай тегіс жолы да, учаскелік ауруханасы да жоқ үш округтегі тұрғындардың жанайқайына Үкімет назар аударуы тиіс.
Әсіресе, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақтың санын көбейтуден бас тартпайтын жас аналардың көрші елдің дәрігерлеріне амалсыз жүгінетінін біле ме екен? Аналары амалсыздан Ресейде босанып, жат жерде дүниеге келген қазақ балаларының өзге елдің туу туралы куәлігін алуы Үкіметті ойлантпай ма? Олар ержеткен соң «Неге менің туған жерім – Ресей Федерациясы?» деп сауал қояр болса, оның жауабын кім береді?
Ел шебіндегі тұрғындардың осындай мәселесіне орай Үкімет шұғыл шешім қабылдамаса, шекарадағы ауылдар урбанизацияға ұшырайтыны анық. Себебі үш округте де тұрғындар тек төрт түлікпен ғана күн көріп отыр. Басқа өндіріс орны жоқ. Ауыл жастары жұмыс іздеп, қалаға кетіп жатыр. Жыл өткен сайын тұрғындардың саны азая берсе, ел шебіндегі ауылдар картадан жойылып кетуі ғажап емес. Ал тәуелсіз елдің шекарасы ешқашан бос қалмауы тиіс.
Міне, осындай себептермен шекарадағы ауылдардың тұрғындары Үкіметке үміт артып отыр.
Атырау облысы
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Ұқсас жаңалықтар