Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Темірден түйілген түрлі мүсін

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темірді қамырша илеп, қиялындағы нәрсені сомдау кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Ал Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының 34 жастағы тұрғыны Талғат Уәлиевке бұл қасиет дарыған, ол темірден түрлі мүсін жасауымен танымал.

Темірден түйілген түрлі мүсін

15 жылдан бері дәнекерлеуші болып еңбек ететін Талғат қазір қызығушылығы мен мамандығын ұштастырып ерекше мүсіндер жасаумен айналысуда.

– Ең алғашқы жасаған мүсінім – бүркіт. Қолымнан келетінін байқап, одан әрі жылқы және басқа да мүсін жасадым. Ерекше жұмысым – жылқының мүсіні. Ерекше болатын себебі – жылқы мүсінінің темір сақиналардан (шайба) жасалуында. Оған бір жыл уақыт кетті. Алғашында ойланып жүрдім, кейін темір сақиналарды жинадым. Мүсінді жалпы құрастырып қойдым. Жылқы мүсініне барлығы 11 251 дана темір сақина кетті, – дейді дәнекерлеуші Талғат Уәлиев.

Талғат Уәлиев өзінің бір жұмысын Теңге ауылының 55 жылдығына арнады. Дайындалуы алты ай уақытты алған мүсін Теңге ауылының ор­талығына орналастырылды.

Талғат шебер болса шығармашылығын дамытып, таңғаларлық мүсіндерді дайындауды көздеп отыр.

 

Маңғыстау облысы