Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Үйінде қару жасаған оралдық ұсталды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз үйінде қару-жарақ жасап, атылатын қаруларды заңсыз жөндеумен айналысқаны үшін Орал қаласының 62 жастағы тұрғыны тұтқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйінде қару жасаған оралдық ұсталды

1959 жылы туған азамат қару-жарақты өзінің жатын бөлмесінде жасаған. Қылмыстың ізіне түскен полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері оқиға орнын тексерген кезде, Ф. деген азаматтың үйінің бір бөлмесі қадімгідей цехқа айналғаны белгілі болды. Мұнда неше түрлі қару-жарақ, оның бөлшектері, құралдар табылған.

«Қазіргі уақытта қаруды заңсыз дайындау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 288-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде» деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бір қызығы, ауыр қылмыс үшін айыпталып отырған бұл азамат бұдан бұрын да дәл осындай қылмысы үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Яғни ол бұған дейін бірнеше рет атыс қаруын, олардың компоненттерін заңсыз жасаған, жөндеген, тіпті оқ-дәрілерді де заңсыз өндірумен айналысқан.