«Сіздер ауданымыздың демографиялық өсуіне ықпал ете отырып, ел тұтқасын ұстар болашақ ұрпақтарымызды тәрбиелеудесіздер. «Алып анадан туады» деген сөз бар халқымызда. Өздеріңіздей батыр аналарымыз барда жарқын елдің ертеңіне нық сенім орнайды. Мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосар азаматтарымыздың қатары көбейіп, ұлтымыздың өсімі артады», деді аудан әкімі.
Сондай-ақ аудан басшысы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасын табыс етті.