Әлем • 04 Ақпан, 2021

Украина Зеленскийге импичмент жарияламақ

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Оппозиционная платформа — За жизнь» партиясы Украина президенті Владимир Зеленскийге импичмент жариялау рәсімін бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ria.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Украина Зеленскийге импичмент жарияламақ

Бұл туралы Жоғарғы Радада депутат Вадим Рабинович мәлімдеді. Мұның себебі – мемлекет басшысының оппозициялық телеарналарға қарсы санкция енгізуі. Оның айтуынша, Владимир Зеленский «сайлаушылар мен елді мазақ етті».

Бір күн бұрын Украина президенті бірқатар телеарнаға және олардың иесіне қарсы санкция енгізді. Бұл шаралар активтерді бұғаттауды, сауда операцияларын шектеуді, капиталды шетелге шығаруға жол бермеуді, лицензиялардың күшін жоюды, сондай-ақ Украинаның радиожиілік ресурсын пайдалануға тыйым салуды және телебағдарламаларды таратуды көздейді.

Қазіргі таңда үш телеарна («112 Украина», ZIK және NewsOne) хабар таратуды тоқтатқан. Олар Зеленскийдің шешімін «БАҚ-ты саяси қудалау» деп санап отыр. Ал фракцияның тағы бір төрағасы Юрий Бойко биліктің бұл әрекетін конституцияны тікелей бұзу және Украинада жеке диктатураны орнатуға жол деп атап отыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ