Атап айтқанда, мерекелік күндердің тізбесін мынадай мазмұндағы тармақпен толықтыру ұсынылады.
Яғни «Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым» деп бекітілді. ІІМ өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта арнайы мақсаттағы бөлімшелер ҰҚК, МКҚ, Қорғаныс министрлігі және ІІМ сияқты мемлекеттік органдарда бар.
«Бұл мәселенің оң шешімі − қызмет озаттары мен ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сондай-ақ жылдар бойы қалыптасқан сабақтастық дәстүрлерін ресми түрде бекітеді. Сонымен қатар өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани және адамгершілік құндылықтар мен әскери дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа беруге ықпал ететін болады», деп санайды ведомство өкілі.
9 маусым − Елбасының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне қол қойғанына сәйкес естелік ретінде таңдалған.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ