Қазақстан • 04 Ақпан, 2021

Мәжіліс депутаты министрге ескерту жасады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты министрге ескерту жасады

"Сіз Мәжілісте бірінші рет болғандықтан, тілегімді білдіруге рұқсат етіңіз. Сіз қазақ тілінде қойылған барлық сұраққа рұқсат сұрамай, сырғып, орыс тілінде жауап бересіз. Жасыңызға қарамастан сіз 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз. Сізді тәуелсіздіктің құрдасы десе де болады. Бірақ сұрақтарға ана тіліңізде жауап беруге дайын болмауыңыз ұят деп санаймын. Сізге бір өтінішім бар: келесі жолы ана тілінде қойылған сұрақтарға ана тілінде жауап беруіңізді сұраймын", - деді депутат Берік Дүйсембинов Мәжіліс отырысында.



Айта кетейік, Әсет Ерғалиев 2021 жылы 18 қаңтарында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы болып  тағайындалған. Ол Қазақстандағы ең жас министр. Маусымда 35 жасқа толады.