Медицина • 04 Ақпан, 2021

Маңғыстаулық дәрігерлер қала әкімінің орынбасарына вакцина салудан бас тартты

1649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау қаласының дәрігерлері ерікте түрде «Спутник-V» вакцинасын салдырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстаулық дәрігерлер қала әкімінің орынбасарына вакцина салудан бас тартты

«Дәрігер ретінде мен екпе алу дұрыс деп санаймын. Бірнеше минут бұрын маған вакцина салды. Өзімді жақсы сезінемін. Халықты вакцинациядан бас тартпауға шақырамын», деді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Жәнібек Ажмұханов.

Директордың айтуынша, екпе алған барлық дәрігер өздерін жақсы сезінеді, ешкімде жанама әсерлер байқалмаған.

Медицина қызметкерлерімен қатар, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова вакцинаны өз еркімен алуға шешім қабылдады. Алайда, медициналық көрсеткіштерге сәйкес екпені салу кейінге қалдырылып отыр.

«Екпені салмас бұрын пациент тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар екені анықталды. Жақсарғаннан кейін екпені ала алады. Бұл жерде асығыстық танытпау қажет», деді №2 қалалық аурухананың дәрігері Тоғжан Нұртазаева.

Бұған дейін Маңғыстауда вакцина егетін арнайы 10 бөлме дайындалғанын хабарлаған еді.