Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Батыс Қазақстанда балшыққа батқан көлік жолаушылары құтқарылды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Бозоба ауылы маңында жеңіл көлігімен балшыққа батып қалған жеңіл көліктен 7 адам құтқарылды. Оның екеуі – жас бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда балшыққа батқан көлік жолаушылары құтқарылды

Оқиға түн ішінде болған. Қазталов аудандық төтенше жағдайлар бөліміне суыт хабар таңғы сағат 5.49.-да жетіпті. Құтқарушылар жедел жолға шығып, Бозоба ауылының маңында тұрып қалған ВАЗ-2115 жеңіл автокөлігінен 7 адамды құтқарып алды. Жолаушылардың екеуі – жас бала еді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ, дәрігер көмегіне ешкім жүгінбеген.

Айта кетейік, соңғы күндері Батыс Қазақстан облысы аумағында жаңбыр жауып, өңірді қалың тұман басып тұр. Соның нәтижесінде халықаралық, республикалық деңгейдегі кейбір жолдар жабылды. Әсіресе Батыс Қазақстан облысының ең шалғайдағы Жәнібек және Бөкей ордасы аудандары тұрғындары жол азабын шегіп, қиындық көруде. Өйткені бұл аудандарды Орал қаласымен жалғайтын тас жол жоқ.