Әлем • 04 Ақпан, 2021

Гавайи билігі туристердің ұялы телефонына арнайы қосымша орнатуды міндеттеді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мауи аралының билігі келген туристерге телефондарына арнайы қосымша орнатуды бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Гавайи билігі туристердің ұялы телефонына арнайы қосымша орнатуды міндеттеді

Бұл қосымшаны 18 жастан асқан әр саяхатшы қолдануға міндетті. Жағдайды әуежай мамандары мен полиция қызметкерлері қадағалайтын болады.

Қосымшаның басты міндеті – қолданушыларды вирус тасымалдаушылардан немесе індетке шалдыққандардан қорғау. Егер маңайыңызда коронавирус жұқтырған адам болса, қосымша бірден сізге анонимді түрде белгі береді. Сонымен қатар, қосымша сізге жақын орналасқан туристердің телефондарын қадағалай алады. Осылайша айналаңыздағы адамдардың ПТР тесті нәтижесін де біліп отыра аласыз.

 

Аида ОРАЛБЕК