Алғашқы екі күнде ғана шетелдіктер тарапынан 13 заң бұзушылық анықталды. Басты проблема – тіркеу мерзімін өткізіп алу, рұқсатсыз жұмысқа орналасу. «Үй иелерінен де шетелден қонақтар келгенде көші-қон қызметі қызметкерлеріне үш күн ішінде хабарлауға міндетті екендіктерін ұмытпауларын сұраймыз», - дейді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбіл өзінің халыққа қайырылуында.
Электрондық цифрлық қолтаңбалары бар азаматтар мұндайды қашықтан, яғни egov.kz порталы арқылы да жасай алады. Барлық консультацияларды тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінен немесе Петропавл қаласындағы 34-00-23 телефондары арқылы алуға болады екен. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында 2801 шетелдік азамат тұрады.