Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Алматыда карантин шараларын бұзған 22 нысан анықталды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуына бақылауды күшейту аясында мониторинг топтардың жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда карантин шараларын бұзған 22 нысан анықталды

Алматыда мониторингтік топтардың өкілдері ақпан айының 3 күні карантин шараларын бұзған 22 нысанды анықтады. Оның 7-еуі заңды және 15 жеке тұлға.

«Әуезов ауданында орналасқан «Мята» лаундж бар белгіленген уақыттан ұзақ жұмыс істеді. Бостандық ауданында «Империя» саунасы, Алмалы ауданында «Panda» мейрамханасына келушілердің саны шамадан тыс болған. Сонымен қатар, қызметкерлер қонақтарға бетпердесіз қызмет көрсеткен. Дәл сондай бұзушылық «Starbucks» кофеханасында да анықталды. Сондай-ақ, «Z bar and live music» бары, «Lotto» клубы карантин шараларын бұзған», делінген хабарламада.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті барлық тыйымдар мен санитариялық нормаларды сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынатынын ескертеді.