Қоғам • 04 Ақпан, 2021

Сауле Қасенова: Вакцинация адамзатты қынадай қырған індеттерден құтқарып келеді

191 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Вакцинация – инфекциялық аурулардан қорғайтын мықты құрал. Вакцинация жасаудың нәтижесінде адам өзін дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, полиомиелит және тағы басқа аурулардан қорғайды.

Сауле Қасенова: Вакцинация адамзатты қынадай қырған індеттерден құтқарып келеді

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы Сәуле Қасенованың айтуынша, адам ағзасына инфекциялық қоздырғыштар енгізуге жауап ретінде біздің иммундық жүйе патогендік микроорганизм антигендерімен қосыла отырып, қорғаныс антиденелерді шығарады, оның әрекет етуін азайтады немесе жойдырады.

COVID-19-ға қарсы  вакцина патогендік микроорганизмдерден немесе тек қана әлсіз және қауіпсіз микроорганизмнің ең ұсақ бөліктері – антигендерден тұрады. Заманауи вакциналар құрамында антигендерінің болмауымен, оларды өндіретін бағдарламасының болуымен ерекшелінеді. Оларды енгізгенде адам ағзасы антигендерді байланыстыратын және оның зиянды әрекеттеріне қарсы келетін ерекше антиденелерді шығара бастайды. Жаппай вакцинациялау тек қана вакцинация жасаған тұлғаларды ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар бірқатар қарсы көрсеткіштерінің болуына байланысты вакцинация жасамағандарды да қорғайды.

Қолдануға рұқсат берілген COVID-19-ға қарсы жасалатын көптеген вакциналардың қатарына Спутник V деп аталатын Гам-КОВИД-Вак вакцинасы жатады. Бұл вакцина Ресей Федерациясында тіркелген. Вакцина-кандидаттар қатарына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген Qaz Covid-in қазақстандық вакцинасы кіреді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті COVID-19-ға қарсы вакцинацияны ұйымдастыру мен жүргізудің алгоритмін әзірледі. Осыған сәйкес халықтың түрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығы ескеріле отырып вакцинация кезең-кезеңмен өткізілуде. Вакцина жасау бойынша басым топқа инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету, реанимация бөлімшелері, медициналық-санитариялық алғашқы көмек және т.б. ұйымдардың медицина қызметкерлері кірді.

Егілетін тұлғаға вакцина жасар алдында вакцина, оның салдарынан болуы мүмкін жағымсыз құбылыстар туралы ақпарат беріледі және вакцинация жасауға ерікті ақпараттандырылған келісім немесе егуден бас тарту ресімделеді. Алдыңғы клиникалық тәжірибе қант диабеті, гипертония, семіздікке шалдыққан адамдарда COVID-19 ауыр түрінің даму қаупі бар екендігін көрсетті. Пациенттердің осы тобына COVID-19 қарсы вакцинация жасаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін дәрігердің консультациясын алу ұсынылады.

Егер SARS CoV-2 коронавирусына G иммуноглобулин класының антиденелер деңгейінің жоғары болған жағдайында COVID-19 қарсы вакцинация жасауды кейінге қалдыру қажет, себебі ауырып жазылған адамның ағзасы өзі де жақсы қорғай алады. Сондай-ақ қазіргі кезде COVID-19 жұқтырған жағдайда вакцинацияны кейінге қалдырған жөн. COVID-19 салдарынан вирусты қайталап жұқтыру мүмкіндігінің өте сирек кездесуіне байланысты жұқтырғаннан кейін 90 күн ішінде вакцинацияны осы уақытқа қалдыру қажет.

Бұрын қандай да бір дәріге, басқа вакциналарға, азық-түлікке аллергиялық реакцияның болған жағдайында бұл мәселені дәрігермен талқылаған жөн. Вакцина салғаннан кейін кейде жалпы немесе жергілікті сипаттағы жанама әсерлер туындауы мүмкін. Жалпы жанама әсерлердің дене қызуының 37-38 °С көтерілуі, қалтырау, шаршау, бастың ауыруы секілді белгілері болады. Жергілікті – вакцина жасалатын орында туындайды, ол аздап ісінеді және ауырады.

Осылайша, вакцина жасау инфекциялық аурулардан қорғайтын жалғыз ғана құрал болып табылмайды. Қолды сабынмен немесе құрамында спирті бар заттармен жиі жуу, адамдардың көп жиналған жерінде бетперде кию, сөйлескен кезде кемінде 1 м арақашықтықты сақтау секілді коронавирус инфекциясының алдын алудың осындай тәсілдерін де естен шығармау керек.

Сәуле Лайыққызы вакцина жасау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін денсаулық жағдайы туралы дәрігермен кеңесіп алған дұрыс болады деп өз ойын тұжырымдады.