Қаржы • 04 Ақпан, 2021

2020 жылы фискалдар 11,5 мың салықтық тексеру жүргізді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл көрсеткіш 58%-ке немесе 16 мың тексеруге аз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев хабарлады.

2020 жылы фискалдар 11,5 мың салықтық тексеру жүргізді

Ол нәтижелерге салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландырудың арқасында қолжеткізілгенін атап өтті. Өндіріп алу сомасы 78 млрд теңгені құрады немесе 8,3% өсті. 2020 жылы 2,9 мың кедендік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 30,6 млрд теңге мөлшерінде КТжС қосымша есептелді және 11,3 млрд теңге өндіріп алынды. Бұл көрсеткіштер өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір артық.

«Жалпы, біз тексерулерге нақты шыға бастадық, оны айтылған статистикадан байқауға болады. Қашықтан бақылау тиімділігі 18% артты, қосымша 325 млрд теңге қамтамасыз етілді. Қашықтан бақылаудың жаңа әдістері әзірленді. Тәуекелді компанияларды ерте кезеңде анықтау және ЭШФ шығару қызметтерін шектеу бойынша пилот іске асырылуда», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Ол пилоттық жоба қолға алынғалы 5 мың тәуекелді салық төлеуші үшін ЭШФ жазып беру шектелгенін, олар бойынша айналым 2 трлн. теңгені құрағанын атап өтті. Жоба іске қосылған сәттен бастап барлығы 60 млрд. теңге өндірілді. 2016 жылдан бастап алғаш рет Қазақстан аумағында ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру 38%-ке төмендеді. Алайда, 2020 жылдың 11 айында елден тыс жерлерге жасалатын аударымдар күрт өсті – 19%-ке. МКК мұндай процедуралардың дұрыстығын анықтауда.