Ол үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz порталындағы калькуляторды ашып, онда салық кезеңін, көлік құралының түрін және қозғалтқыш көлемін көрсету қажет. Электронды сервис тиісті салықты өзі есептеп береді. Бұл калькулятор порталдың негізгі экранындағы «Электронды сервистер» бөлімінде орналасқан.
«Биылғы жылдан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғалардың 2020 жылға арналған көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керек», деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Осыған орай, өсімпұлдарды есептеу алгоритмі де қайта қаралған.Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғаларға мүлік, жер және көлік салықтары бойынша салықтық рақымшылық аяқталғанын хабарлап, осы мүмкіндікті еліміздің 1 млн-нан астам азаматы қолданғанын және олардың 2 млрд теңге сомасындағы салыққа қарыздары кешірілгенін жеткізген болатын.
Аида ОРАЛБЕК