Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Қызылордада 300-ден аса қызметкер 4 айдан бері жалақысыз отыр

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында «Ұшқын» мүгедектер оқу-өндірістік кәсіпорнының 300-ден аса қызметкері 4 айдан бері жалақысыз отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада 300-ден аса қызметкер 4 айдан бері жалақысыз отыр

Мәліметтерге сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысы тұралап қалған.

9 жыл бойы кәсіпорын қызмет көрсету нарығында белсенділігін көрсетті. Атаулы еңбектерінің арқасында олар «Үздік сапа» сертификатын алған. Десе де былтырдын бері мекеме өнімдеріне сұраныс жоқ.

Кәсіпорын бертінге дейін үздіксіз тапсырыстар қабылдаған. Соның ішінде тұрмыстық заттар, қала тұрғындарына арналған әртүрлі киім үлгілерін тіккен. Алайда мекеме тігіншісі бүгінде, тіпті, жіп ұстамайтындарын алға тартады. Оның айтуынша, цехта 95 пайыз мүмкіндігі шектеулі азаматтар істейді.

Осы орайда кәсіпорын басшысы бар мәселе – несиелік шығындарға қатысты екенін айтып өтті.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 7 млн теңге қарызымыз бар. Одан бөлек, басқа мекемелерден қарызға зат алдық. Оған да 6 млн теңге берешегіміз бар», дейді кәсіпорны басшысы Абзал Меңдияров.

Осы орайда мүгедектер кәсіпорны мемлекеттен жеңілдік алуға мүмкіндері бар. Себебі Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға белгіленген жұмыс тәртібі бар.