Шымкент қаласында Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле (276 орам) сынды 8 елді мекен газбен қамтылмаған.
Өткен жылы құрылысы басталған 9 нысанның 2-і аяқталды(Тұран (1-ші кезең) және Асар-2 шағын ауданына магистралдық газ құбыры тартылды). Биыл тағы 9 нысанның құрылысы жүргізіледі. Шаһарда жыл соңына дейін 5 елді мекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамту жоспарланған. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 92,2%-дан, 93%-ға өседі.
Сонымен қатар осы жылы жобалық сметалық құжаты дайын 4 жаңа жоба бойынша (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ 1-2 млрд.теңге) бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып отыр.
Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында, 2021 - 2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.