Мемлекет басшысы «Наполеон. Өмір. Аңыз» көрмесінде болып, Астанада алғаш рет ұсынылып отырған Наполеон Бонапарт дәуірі мәдени мұрасының бірегей экспонаттарын көрді.
Көрме Қазақстандағы Франция маусымы аясында өтті. Іс-шараны Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің бастамасы бойынша Ұлттық мұражайлар бірлестігі мен Үлкен сарай, сондай-ақ, Наполеон қоры ұйымдастырды. Көрмеге Наполеон дәуіріндегі өнер туындылары мен қолжазбаларды қосқанда 300-ге жуық экспонат қойылған.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.