Руханият • 05 Ақпан, 2021

Екі кітап жарық көрді

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шоқан Уәлиханов атын­дағы тарих және этнология институты даярлаған қос кітаптың тұсаукесері өтті. Оның бірі – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақа­ласын жүзеге асыру мақ­сатында жарық көр­ген «Ұлы даланың ұлы есім­дері» атты жинақ болса, екін­шісі – «Қожаберген ба­тыр» атты зерттеу.

Екі кітап жарық көрді

Алматы қаласындағы №4 кітапханада өткен жиынға екі ғылыми кітаптың авторлары мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Айта кетейік, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жи­наққа Ежелгі дәуір және түркі қағанаттары (VIII-XII ғғ), Алтын Орда кезеңі (XIII-XV ғғ), Қазақ хандығы дәуірі (XVIII ғ.) бірінші жартысы (1917 ж.), кеңестік Қа­зақстан және Тәуелсіздік кезе­ңі­нің ұлы есімдері еніп отыр.

Ал «Қожаберген батыр» кі­табын ғалымдар Сайын Бор­басов, Ахмет Тоқтабай және жазушы Жәди Шәкенұлы бірлесе дайындаған. Еңбек XVIII ға­сырда өмір сүрген Абылай хан­ның батырларының бірі әрі қа­зақ-қытай қатынасында елеу­лі рөл атқарған Қожаберген Жә­нібекұлының өміріне арналады. Кітапты шығаруға «Қо­жа­берген батыр» қоғамдық қорының пре­зиденті Мерей Сләмұлы демеу­шілік жасаған.