Кеше палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кеше палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Палата қарауына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер аумағына әскери инфрақұрылым нысандарын орналастыру және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыруға қатысты бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылмақ.
Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына, сондай-ақ, «Жол жүрісі туралы» заң жобасы ілеспелі түзетулермен (екінші оқылым) енгізілді.