Екпе басталған күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов пен санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жаңабергенова брифинг өткізіп, аймақта 32 егу кабинеті мен 16 жылжымалы егу бригадасы жұмыс істейтіндігін атап өтті. Қазір облысқа қажетті 80 мың дозаның 1 мың данасы жеткізілді. Қалғаны кесте бойынша әкелінеді. Облыс орталығындағы №1, 3 және 6 емханалардан егу кабинеттері дайындалған. Жалпы бұл жұмысқа облыс бойынша 133 мейірбике мен 89 дублер жұмылдырылып отыр. Алдын ала жасалған іріктеуден кейін вакциналаудан өтетіндердің 8,4 пайызын медицина қызметкерлері, 23,5 пайызын білім саласы мамандары, жартысынан көбін дерт жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары созылмалы аурулары бар тұрғындар, 10,3 пайызын студенттер құрайтыны белгілі болып отыр.
Егу жұмыстарына дайындық барысында телемедицина арқылы алғашқы медициналық-санитарлық
көмек көрсету медициналық ұйымдардың 65 маманына «Облыстың медицина ұйымдарында «Спутник V» вакцинасынын жүргізудің алғышарттары, қабылдау, тасымалдау және егу жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмі мен вакциналауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында семинар өткізілді. Облыс бойынша маусымға 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылады. Онда 54 сүзгі кабинеті, қосымша 79-ы телефон шақырулар мен кеңес беру үшін жұмыс істейді. Үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік бөлінді.
Қызылорда облысы