Коронавирус • 05 Ақпан, 2021

Екі күнде – 265 адам

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау басталған 1 ақпанда – 105, келесі күні 160 адам екпе алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Екі күнде – 265 адам

Екпе басталған күні облыс­тық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Сәбит Пазылов пен санитарлық-эпидемиялық бақылау депар­таменті басшысы Динара Жаңабергенова брифинг өткізіп, аймақта 32 егу кабинеті мен 16 жылжымалы егу бригадасы жұмыс істейтіндігін атап өтті. Қазір облысқа қажетті 80 мың дозаның 1 мың данасы жеткізілді. Қалғаны кес­те бойынша әкелінеді. Об­лыс орталығындағы №1, 3 және 6 емханалардан егу каби­нет­тері дайындалған. Жал­пы бұл жұмысқа облыс бойын­ша 133 мейірбике мен 89 дуб­лер жұмылдырылып отыр. Ал­дын ала жасалған іріктеу­ден ке­йін вакциналаудан өте­тін­дер­дің 8,4 пайызын меди­ци­на қыз­меткерлері, 23,5 пайы­зын білім саласы маман­дары, жар­­тысынан көбін дерт жұқ­тыру қаупі неғұрлым жоғары со­зыл­малы аурулары бар тұрғын­дар, 10,3 пайызын студенттер құ­райтыны белгілі болып отыр.

Егу жұмыстарына да­йын­­дық ба­рысында теле­ме­­дицина арқылы алғаш­қы ме­дициналық-санитар­лық

кө­­­мек көрсету медициналық ұйым­дардың 65 маманына «Облыстың медицина ұйым­дарында «Спутник V» вакци­насынын жүргізудің алғы­шарттары, қабылдау, тасымалдау және егу жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмі мен вакциналауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақы­­рыбында семинар өткі­зіл­ді. Облыс бойынша мау­­­сымға 8 стационар, 61 ал­ғаш­қы медициналық-санитар­лық мекеме жұмылдырылады. Он­да 54 сүзгі кабинеті, қосым­ша 79-ы телефон шақырулар мен кеңес беру үшін жұмыс істейді. Үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік бөлінді.

 

Қызылорда облысы