Спорт • 05 Ақпан, 2021

Елордада 50 жас спортшыға қала әкімі гранты бөлінеді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада спортшы жасөспірімдерді қолдау мақсатында қала әкімінің атынан 50 грант тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 50 жас спортшыға қала әкімі гранты бөлінеді

«Спортта жоғары жетістіктерге жеткен балалар, жасөспірімдер және спорт мектептері түлектеріне кәсіби білімін жалғастыру үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 50 спортшыға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грантын бөлу жоспарланып отыр», деп жазды жазды С. Ерғалиев Facebook-тегі парақшасында.

Одан бөлек, басқармасы басшысы елордада жаңа спорт кешені ашылғанын мәлім етті.

«Астана-Арена» стадионында жауынгерлік өнер орталығы ашылды, онда 10 олимпиадалық емес спорт түрінен (джиу-джитсу, панкратион, самбо, жауынгерлік самбо, грепплинг, муай-тай, ММА, белбеу күрес, шинкиокушинкай, киокушинкай-кан каратэ, қазақ күресі) қала құрамасы жаттығады», деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл елордада алғаш рет спортшыларға арналған сауықтыру диспансері ашылмақ.