Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

​Жаңа экологиялық кодекс Алматыдағы ауа сапасын жақсартуға серпін береді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алғаш рет қала тұрғындары, экоактивистер, БАҚ, қалалық әкімдік өкілдері, кәсіпкерлер экологиялық мәселелерді шешуді талқылау үшін жиналды. Бұл кездесудің бастамашысы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

​Жаңа экологиялық кодекс Алматыдағы ауа сапасын жақсартуға серпін береді

Бұл кездесу министрліктің жаңа Экологиялық кодексті түсіндіру үшін өңірлерге жасалған жұмыс сапарларының жалғасы болды.

Экология министрі Мағзұм Мирзағалиев пандемиямен байланысты карантиндік шаралар қалалардың, соның ішінде Алматы қаласының көшелеріндегі көліктердің аздығына байланысты ауаның ластану себептерін мұқият зерттеуге мүмкіндік берді деп атап өтті.

«Өткен жылға дейін Алматыда ауаның ластану себептері мен деңгейін анықтауда ЖЭО-3-тің әсері ескерілмегенін атап өткен жөн, өйткені ол Алматы облысында орналасқан. Алайда, ЖЭО-3 шығарындылары қаланың ауа бассейніне 8% әсер етеді деп айтуға болады. Сондықтан Алматыдағы ауа сапасы мәселесін кешенді шешу үшін біз "Самұрық-Энерго" АҚ және "АлЭС" АҚ-мен газдандыруды жеделдету және ЖЭО-2 жаңғырту мен ЖЭО-3 бойынша ТЭН әзірлеу мәселелері бойынша бірнеше рет кездестік», деді ведомства басшысы.