Әлем • 05 Ақпан, 2021

Перуде бразилиялық коронавирустың штаммы табылды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилиялық саяхатшылардан анықталған коронавирустың жаңа штаммы Перудің үш аймағына таралып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Перуде бразилиялық коронавирустың штаммы табылды

Бұған дейін елде британдық коронавирустың штаммы табылған еді.

Елдің денсаулық сақтау министрі Пилар Массеттидің айтуынша, Перудегі COVID-19-дың екінші толқыны біріншіге қарағанда басымдырақ болып отыр.

«Төрт аптаның ішінде вирус жұқтырғандар саны пандемияның алғашқы екі айындағы санына тең», деді министр.

Жапон ұлттық жұқпалы аурулар институтының мамандары осыған дейін елге Бразилиядан келген төрт адамда британдық немесе африкалық коронавирустың жаңа мутациясын анықтағанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар олар қазіргі уақытта инфекцияның «патогендік және жұқпалылық деңгейін, тестілеу әдістерінің немесе вакциналардың тиімділігін» бағалау қиын екенін атап өтті.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ